• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Мұражай-қорықта Қазақстан Республикасындағы бірден-бір наноөсімдіктер коллекциясы өседі. 2015

Мұражай-қорықта Қазақстан Республикасындағы бірден-бір наноөсімдіктер коллекциясы өседі. 2015

В музее-заповеднике растет единственная в Республике Казахстан коллекция нанорастенийВ музее-заповеднике растет единственная в Республике Казахстан коллекция нанорастенийШығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының Солжағалық кешенінде ғаламшардың әр жерінен әкелінген сирек кездесетін өсімдіктер сәтті бейімделуде.

 Солжағалық кешендегі ботаникалық көрнекті орындардың бірі Даниядан әкелінген наноөсімдіктер коллекциясы болып табылады, олар қолдан жасалған бұлағы бар алаңда жайлы орналасқан.   

 

Бұл жерде жас көшеттер өсіп тұрғандай көрінуі мүмкін,  бірақ, бұлар өсіп жетілген бұталар мен ағаштар. Егер қарапайым жасыл шыршаның биіктігі 10 м жетсе, наношырша – 1,5-2 м.

Коллекциядағы тасты жерлерде өстетін шыршалар жоғары қарай емес, аяқтың астына кілем сияқты жайылып өседі. Бұл жердегі көптеген өсімдіктер шығысқазақстандықтар үшін жабайы болып көрінуі мүмкін, өйткені, олар наноөсімдіктер: қабыршақжемісті жыңғыл, бадамгүл, самшит, микробиожинақ, жапон тобылғысы, шамамен 20 сұрып. Расында да, олар көптеп отырғызылды, бірақ ашық  топырақта қыстап шығуға барлығы бірдей төзе алмайды. 

– Өсімдіктер жергілікті жағдайға байланысты таңдалды. Бүгінде Еуропа елдерінде наноөсімдіктер кеңінен тараған. Олар көп орын алмайды, ал, отырғызатын түрлері өте көп, - деп жауап берді Солжағалық кешендегі ботаникалық бақ және дендробақ бөлімінің меңгерушісі Александр Бочагов. 

 Алайда, өсімдіктерді қысқа дайындау өте күрделі.  ШҚО сияқты қатты аяз «Гамлет корольдігінде» болмайды. Қар тоқтату жүргізіледі, ауалы жабындар орнатылады: кәдімгі  картон қораптардың үстіне ағаш жоңқалары салынады немесе акрильді матамен қымталады.

 Жеке наноөсімдіктер ҚР ботаникалық бақтарында да бар, бірақ, мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніндегі сияқты коллекция елімізде біреу ғана.  

 

ШҚО мұражай-қорығының баспасөз қызметі

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …