• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Жүз шығысқазақстандық-жасөспірімдер қолдарына компас пен карта алып, Комсомол аралы бойынша жүгіріп өтті. 2016

Жүз шығысқазақстандық-жасөспірімдер қолдарына компас пен карта алып, Комсомол аралы бойынша жүгіріп өтті. 2016

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаӨскемендегі мұражай-қорықтың жастар экологиялық кешенінің аумағында мектеп пен колледж оқушыларының арасында спорттық бағдарлай білуден ҮІІІ облыстық жазғы спартакиада өтті.

-  «ШҚО спорттық бағдарлай білу федерациясы» ҚҰ–мен бірлесіп ұйымдастырылған жарысқа Өскеменнен, Аягөз, Шемонаиха, Тарбағатай, Үржар мен Глубокое аудандарынан келген жүзден аса оқушы қатысты,- деп хабарлады мұражай-қорықтың жастар-экологиялық бөлімінің меңгерушісі Қазбек Үстеміров.

Ұйымдастырушылардың міндетіне Комсомол аралындағы старт алатын алаңды дайындау, маршрут бойымен жалаушалар тігіп, шектеу сызықтарын белгілеу, бақылау-өткізу пункттерін (БӨК) орналастыру жұмыстары кірді, бұл шаруа абыроймен атқарылып шықты. Спартакиада тура сағат 10.00-де ашылды.

-  Жарысқа ұлдардан үш топ және қыздардан үш топ қатысты, топқа жастары бойынша: 1999 жылдан 2004 жылға дейін туғандар біріктірілді. Олар үш-үш қатысушыдан аралығы 5 минутта старт алып отырды. Балалардың жүріп өтетін арақашықтығы жастарына қарай бір километрден екі километрге дейін,- деді спартакиада төрешісі, облыстық спорттық бағдарлай білу федерациясының вице-президенті Игорь Романов.

Қатысушылар барынша қысқа мерзімде БӨК-ке дейін ең тиімді жолмен жетіп, белгіленіп алғаннан кейін, мәреге шығу. Жарыс күні ауа райы тамаша болды. Таңертең күн жарқырап шығып тұрды, мұның өзі бағдарлаушыларға спорттық қызу беріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

2 сағат тез өте шықты, міне төрешілер қорытынды шығаруда. Қорытынды бойынша өздерінің жастарына қарай топтарында жеңімпаз атанғандар: Өскемен қаласының өкілдері – Артур Казанцев, Дарья Масленникова, Анжелика Решетняк, Никита Кузнецов, Татьяна Томилова мен Шемонаиха ауданынан келген Федор Имшинецкий.

Командалық есепте бірінші орынға Өскемен, екінші және үшінші орындарға тиісінше Шемонаиха мен Глубокое  аудандары орналасты.

 Облыстық спорттық бағдарлай білу федерациясының вице-президенті Игорь Романов жарысты жақсы деңгейде өткізуге мүмкіндік жасағандары үшін ШҚО мұражай-қорығының басшылығына алғыс білдірді.

 

Мұражай-қорықтың баспасөз қызметі

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …