Іс-шара республикалық «Ағаш отырғыз» акциясы аясында өтті, акцияны Өскемен қаласында «Нұрлы Бастау» ҚҚ мен облыстық музей-қорық ұйымдастырған болатын. Волонтерлермен бірге олардың отбасыларының мүшелері де келіпті, барлығы 130-ға таяу адам қатысты.
– Біздің қоғамдық қайырымдылық қор ағаш отырғызу жөніндегі акцияны үшінші мәрте өткізуде. 2014 жылы біз музей-қорық директоры Николай Зайцевке осы бастамамен келіп, одан қолдау таптық. Өткен жылдары егу материалын өз есебімізден сатып алатынбыз, ал биыл оны музей берді, – деді «Нұрлы Бастау» ҚҚ директоры Сымбат Зейнел.
- Акцияны ұйымдастырушыларға көшеттер мәселесінің түйінін шешуге облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу бақармасы көмектескен болатын,- деп түсіндірді өз кезегінде музей-қорықтың экологиялық ағарту бөлімінің меңгерушісі Ришат Адамов. «Бізге оларды ақысыз берді», – деп атап өтті ол.
Биыл көрмелік Үлкен павильон мен әскери кешен аралығындағы учаске жаңа тоғай өсіру алаңына айналды. Аумақты алдын-ала белгілеу, қажетті мүкәммал мен суы бар цистерна дайындау ісімен Солжағалық кешен қызметкерлері шұғылданды. Акция басталар алдында Ришат Адамов пен музей-қорықтың ботаникалық бақ бөлімінің меңгерушісі Александр Бочагов оған қатысушыларды қажетті нұсқаулықпен таныстырды.
200-ден астам самырсын, қарағай мен қайың көшеттерін отырғызу шаруасын отбасылық экологиялық «десант» бір сағаттың ішінде бітіріп тастады. Волонтерлердің айтуынша, олар музей-қорықты кездейсоқ таңдамаған, өйткені мұнда көшеттер жақсы күтімде болады, сондықтан олардың еңбегі еш кетпейтіні анық.
– Біздің отбасымыз акцияға бірінші рет қатысып жүрген жоқ және де зор ризашылықпен атсалысамыз! Біз саябағымыздың да, қаламыздың да көркем әрі көгалды болғанын қалаймыз! – деді 12 және 7 жасар ұлдарымен болашақ қайыңдарды ептілікпен отырғызып жүрген Нұрболат Беженхан.
Айнұр Ахметсақидің отбасы да толық құрамда екен: ол күйеуін, екі баласын және атасын ерте келіпті. «Маған бұл жерге отбасыммен келген ұнайды. Бәріміз бірге игі іс атқарамыз, ал содан кейін осындай ғажап жерде демалып қайтамыз!»,- деді ол
Музей-қорықтың баспасөз- қызметі
< Предыдущая | Следующая > |
---|