• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары «Олжа» сілеусін музей-қорықтың зообағына орналастырылды. 2017

«Олжа» сілеусін музей-қорықтың зообағына орналастырылды. 2017

2016 жылғы 11 желтоқсанның таңы  музей-қорықтағы фауна бөлімінің меңгерушісі  Зайнитдин Шәмшиев үшін қызық оқиғамен басталды. 

– Өскемен қаласының Солжағалық ауданындағы полицейлік учаскелік инспектор балабақшаның ауласында сілеусін жүр деп хабарлады. Ең  алдымен бұл жыртқыш аңды  қардан жол тазалауға шыққан аула сыпырушы байқаған екен. Сасқалақтаған ол оның қандай аң екенін айыра да алмай қалған. «Бізде, сәкіде бір аң отыр және ырылдайды!» – осындай хабармен ол полицияға барыпты, – деді З. Шамшиев.

Адасып қалған аңды ұстауға зообақтың мал дәрігері мен екі жұмысшысы барған. Ал ол кішкентай сілеусін болып шықты, соның өзінде адамдарды ырылдап қарсы алды, торды айналып өткен ол қаша арқылы қашып кетуге ұмтылды. Бөгелуге болмайтынын түсінген жұмысшының бірі аңның соңынан күпәйкесін лақтырып жіберді, сөйтіп теңбіл аңды жауып қалған киім оның жолын кесті. Зообаққа жеткізілген бұл жыртқыш аңның әлі бір жасқа толмағаны анықталды.

– Сілеусін өте әлсіреп қалған екен, тегі бірнеше күн ашықса керек. Соған қарамастан ырылдап, бізге қарсылық көрсетуге тырысты. Қазірде жағдайы жөнделіп қалды, аң жақсы қоректеніп жүр, – деп хабарлады бөлім бастығы.

Зообақта тағы да бір екіжасар сілеусін бар, бірақ жаңадан ұсталған сілеусін оның жанына  жіберілген жоқ, өйткені олардың бірін бірі қалай қарсы алары белгісіз болды. Бүгінде аңдар тор арқылы қарым-қатынас құруда, бұл процесс өте бейбіт жағдайда өтіп жатыр.

Жас болғандықтан осы екі теңбіл аңның жынысын айыру мүмкін болмай тұр. Басқаша айтқанда олар алдағы уақытта жұп құра ала ма, жоқ па белгісіз.

Көкейдегі, сілеусіннің баласы облыс орталығындағы балабақшаның ауласына қалай тап болды екен деген сұрақ жауапсыз қалуда.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Фото баспасөз-қызметінікі

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …