Музей-қорықта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын және философ, ұлы Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған жаңа көрме ашылды.
Көрмеде Абайдың, Шәкәрімнің және абайтанушылардың еңбектері қойылды. Олардың қатарында қажырлы ізденісінің арқасында Шәкәрім есімін халқына қайтарған белгілі шәкәрімтанушы Қайым Мұхамедхановтың зерттеулері де бар.
Сондай-ақ, көрмеде шығысқазақстандық филолог, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қабдылқайыр Құдайбергенов жас кезінде ел аузынан жазып алып, кейін орыс тіліне аударған Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасы алғаш рет көрме төрінен орын тепті.
Сондай-ақ, көрмеге Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Б.К. Исиннің Абай және Шәкәрім шығармаларының желісі бойынша салған кескіндемелік туындылары ерекше ажар берді. Ал оларды Шәкәрім дүниеге келген өлкенің бай табиғаты мен ақын шығармаларындағы кейіпкерлермен тікелей байланысты орындарды өзіндік ізденіспен бейнелеген Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Г.М. Бекбердинованың туындылары әдемі толықтырған.
Көрме музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі Кіші көрме павильонында ашылды. Мына телефондар арқылы 26-82-97 (сирек кітаптар және икона жазу бөлімі) және 8 705 418 29 46 топтық экскурсияларға өтінімдер алдын ала қабылданады.
Музей-қорықтың сирек кітаптар және икона жазу бөлімі
Суретті түсірген Алексей Мазницын.
Больше фотографий на facebook.com
< Предыдущая | Следующая > |
---|