• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Зообақ: жыл он екі ай бойы ғажаптар. 2018

Зообақ: жыл он екі ай бойы ғажаптар. 2018

В зоопарке музея-заповедникаВ зоопарке музея-заповедника

Музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі зообақта көктем-жаз кезеңі басталды.  Өткен жылдың соңынан бері бұл жерді мекендейтіндердің саны өскен. Бұл зообақ қызметкерлерінің жұмысын еселей түсіп отыр. Ал келушілерді соны әсерлер күтіп тұр.

 Музей-қорықтың зообағында 260-тан астам жануарлар мен құстар мекен етеді. Өткен жылдың соңына қарай олардың қатары тағы үш мекендеушімен толыққан болатын. Олар эообаққа сыйға тартылған үш жабайы мысық – каракал, сервал және олардың балалары – каравал. Олар қыстай карантинде болған-ды. Каракал деген сөз түріктің «kara kulak» деген сөзінен шыққан көрінеді. Оны аударғанда «қара құлақ» деген мағына береді, өйткені, ол мысықтардың құлағының арт жағы қара болып келеді. Оған қоса құлақтарында қара қылы бар. Сол себептен де көбіне кара құлақтарды «дала сілеусіндері» деп атайды. Сервалдың – «бұта мысығының» құлағында қылы болмайды және бүкіл терісін теңбіл басқан. Табиғатта мұндай мысықтар шөл далалар мен Африка саванналарында, Кіші және Орта Азияда, Араб жарты аралында   тіршілік етеді. Каракал да, сервал да жабайы табиғатта жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұр. Ал зообаққа келушілер осынау ерекше жануарларды өз көздерімен көре алады. Музей-қорықтың фотографына қаравал мен оның анасы сервалды суретке түсіріп алу бақыты бұйырған екен. Сондай-ақ, олармен қатар қоңыр аю мен маралдар, сілеусін, тауыстар да суретке түсіп қалды.

Зообақ жыл он екі ай бойы жұмыс істейді. Алайда, көктем шығысымен, тіпті, жаз бетінде бір жерлерді тазалау керек, тағы бір жерлерді жаңалау керек дегендей, бәрібір дайындық жұмыстары жүргізіледі. Ал келушілер саны күн өткен сайын көбейіп келеді, олардың дені балалар. Мынау – нағыз ғажайып, - дейді олар, - қаланың өз зообағы бар. Осылардың арқасында табиғат бізге етене жақын бола түскендей».

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Суретті түсірген Алексей Мазницын

 

В зоопарке музея-заповедникаВ зоопарке музея-заповедникаВ зоопарке музея-заповедникаВ зоопарке музея-заповедникаВ зоопарке музея-заповедника

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …