• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Музейдегі түн. 2018

Музейдегі түн. 2018

Рухани жанғыру

Дәстүрлі «Музейдегі түн» акциясы 16 мамыр күні «Жастар» саябағының орталық алаңында болады. Ашылуы – сағат 19-да.

19.00-дегі «Музейдегі ұйқысыздық» атты концерттік бағдарламаға әртүрлі шығармашылық ұжымдар қатысады. Оның басталуына бір сағат қалғанда «Жастар» саябағында сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жәрмеңкесі өз жұмысын бастайды. Онда авторлық кәдесыйлардан «Сізге арналған кәдесый» атты ұтыс лотереясы ойналады.

«Музейдегі түн» акциясы музей-қорықтың әртүрлі алаңдарында түнгі сағат 23-ке дейін өтеді. Қайсенов көшесі, 67 және Горький көшесі, 59 ғимараттарында ермексаздан жапсырма жасауға, қолөнер шеберлерінің дәрістеріне қатысып, иіру мен тоқуға, сондай-ақ, құмда сурет салуға үйренуге болады.  Қалаған адамдар ескі интерьердің, сондай-ақ, киіз үйдің жанында ұлттық киіммен естелік суретке түсе алады немесе суретші-портретшіге  суретін жылдам салуға өтінім бере алады. Жас келушілер үшін «Ертегі кейіпкерін тап» атты викторина ұйымдастырылады. Балалар да, үлкендер де музей қорынан алынған қазақ тұрмысына байланысты бұйымдардың викторинасына қатыса алады және қазақтың «Қара жорға» биінің элементтерін үйрене алады. Қалаған адамдар дәстүрлі қазақ оюларын ою бойынша бақтарын сынап көреді.

Музейдегі түн «Жастар» саябағындағы этноауылда да жалғасын табады. Қазақ жазушылары үйінде сағат 19.00-де С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың студенттерінен құралған «Шабыт» театры өнер көрсетеді. Ал сағат 20.00-де маралшылардың үйжайында келушілерге фольклорлық-этнографиялық бағдарлама ұсынылып, хоровод пен ойындар ойналады. Ал саябақ аумағындағы сауда ләпкелері ескі орыс рецептері бойынша әзірленген сусындар ұсынса, этноауыл жанындағы алаңда кондитерлік тағамдардан дәм татып, шәйден ауыз тиюге болады.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …