Музей-қорықтың Солжағалық кешенінде болған Қазақстан халықтары Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Нәзипа Шанаи: «Бұл - Қазақстандағы ерекшелігі қайталанбас жалғыз кешен» - деген пікірін білдірді.
Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Нәзипа Шанаидың қатысумен Өскемен қаласында ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы жағынан Қазақстан халықтары Ассамблеясының мәселелері жөніндегі семинар өтті. Семинардан және достық Үйіндегі этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесуден кейін Назипа Шанаи облыстық ШҚО Қазақстан халықтары Ассамблеясы Хатшылығының басшысы Асқар Нургазиевпен және ҚХА мүшесі Лео Шикомен бірге Солжағалық кешенде болды. Музей-қорық директорының орынбасары Тамара Быкова қонақтар үшін шолу экскурсиясын жүргізді.
Қазақстан халықтары Ассамблеясының өкілдері Солжағалық кешеннің этноауылында орналасқан XIX ғасырдың аяғы - XX ғасыр ортасында Шығыс Қазақстан халықтары тұрған қоныстарда болды. Кәсіпкер Гиви Гомарелидің қаражатына салынған грузиндік шебердің қонысын көрді.
Назипа Идрисқызы Қазақстандағы бір көшеде әртүрлі ұлттардың бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқандығын айта кетіп, этноауылда болғаннан кейінгі алған әсерін, біз әрдайым айтатын шындық - мұндағы көрініспен расталады деп бөлісті.
ҚХА Хатшылық меңгерушісі орынбасарының пікірі бойынша, облыстық этномәдени бірлестіктері музей-қорықтың этнографиялық кешенінде орналасқан қоныстарды пайдалануды жүзеге асыру мақсатында жоба әзірлеуге болады. Бұл жобаларды қаржыландыру мәселесін ғана шешу қажет. Солжағалық кешеніне бірнеше рет барған Нәзипа Шанаи Қазақстанда оған тең келетін кешен жоқ деп санайды.
Мұражай-қорығының баспасөз қызметі
Алексей Мазницыннің фотосы