5 шілде күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналып «Жастар» саябағында өткен мереке нақ осылай «Ертегі қала – Астана» деп аталды.
Мерекеге Өскемендегі балабақшалардың естияр тобының тәрбиеленушілері қатысты. Саябақтың орталық алаңында ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Лада» балабақшасының бүлдіршіндері концерт қойды. Концерттен соң Орталық балалар кітапханасы саябақтың бір аллеясында асфальтқа сурет салудан конкурс өткізді. Осы жерде сондай-ақ, «Астана – Еуразия жүрегі» атты кітаптың көрмесі болды. Музей-қорықтың виртуалды бөлімі виртуалды залда балаларға арнап «Көкке өрлеген Астана» атты викторина өткізді. Ал саябақтың этноауылында қазақ этнографиясы бөлімінің мұрындық болуымен балалар ойыны ұйымдастырылды.
- Мұндай іс-шаралар балалардың елордамыз туралы, оның дүниеге келу тарихы, жалпы біздің еліміздің тарихы жайлы көбірек білуіне мүмкіндік береді, - дейді Орталық балалар кітапханасының бөлім меңгерушісі Оксана Гаврюш. – Сонымен қатар біз бұл жерде жазғы оқу залдарын, кітап пен оқуға және Шығыс Қазақстанның табиғатына қатысты түрлі акциялар өткіземіз. Ал мұндайда бізге музей-қорық қызметкерлері белсенді көмек көрсетіп келеді.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Предыдущая | Следующая > |
---|