Шығыс Қазақстанның еңбек ардагерлері Ақбауырда болып қайтты. Ардагерлер үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және туризмді дамыту мақсатында экскурсия ұйымдастырылды.
«Ақбауыр» археологиялық зерттеу бөлімінің меңгерушісі Галина Петенёва жүргізген тегін экскурсия барысында ардагерлер ғибадатхананың табиғи-географиялық ерекшеліктерімен және негізгі археологиялық нысандарымен танысты. Одан соң түрлі суреттер салынған үңгір тастарды көруге көтерілді.
- Бұл бір өте танымдық экскурсия болды, - дейді облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ғалия Құсанова алған әсерлерімен бөлісіп. – Туған өлкеміздің қасиетті де киелі жерлері туралы көптеген мағлұматтар алдық. Оны былай қойғанда ардагерлердің біразы Ақбауырда мүлде болмаған екен. Шынына келсек, бұл біздер үшін тамаша жаңалық болды. Музейге деген алғысымыз шексіз!
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
< Предыдущая | Следующая > |
---|