Комсомол аралында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Өскемен қаласы күнін мерекелеу аясында «Еркін ұшу 2018» әуе батпырауықтарының екінші фестивалі өтті. Ұйымдастырушылар - халықтар этнографиясы және азсанды этнотоптар бөлімінің қызметкерлері.
Жастар экологиялық кешенінің орталық алаңында өткен фестиваль жиналған қала тұрғындары үшін нағыз мереке болды. Көпшілігі балаларымен бірге келіп, әуе батпырауықтарын ала келген. Көрермендер әуеге ең биік көтерілген және ұзақ тұрған, бірегей батпырауықты анықтады. Жеңімпаздардың ішінде оқушы Роман Полев, Әміржан Баянаев, Виктория Колотей және басқа да балалар болды. Жеңімпаздарға жүлде ретінде музей көрмелері мен павильондарын тегін аралауға абонементтер ұсынылды. Айта кету керек, батпырауықты ұшырған ең жас қатысушы Софья Смирнованың жасы екі жаста.
Өкінішке орай, былтырғы жылы өткен Бірінші фестивальдың белсенді қатысушысы, Өскемен қаласының (ағылшын тілінен аударғанда «кайт» -әуе батпырауығы және «борд» - сырғанауға арналған тақта) кайтбордистер қоғамының өкілі Андрей Пятышин желдің болмауына байланысты өзінің спорттық әуе батпырауықтар көрсетілімін көрсете алмады. Бірақ, Өскемен қаласы әкімдігінің «Жас техниктер станциясы» КМҚК әуе модельдері үйірмесінің өкілдері ұшырған ұшақ модельдеріне желдің болмауы кедергі болған жоқ. Концерттік бағдарламаға AMATERASU трайбл тобы және тайцзицюань облыстық мектебінің өкілдері қатысты. Мереке барысында жүргізуші-музей қызметкерлері Іңкәр Құсайынова мен Анастасия Григорьеваның басты мақсаты - әуе батпырауықтарының тарихы сонау көне Қытай заманынан бастау алатынын айтып, Ұлы Жібек жолы халықтарының батпырауықты ұшыру дәстүрін танымал ету. Халықтар этнографиясы және азсанды этнотоптар бөлімінің қызметкері Станислав Цукуренконың айтуынша, әуе батпырауықтарының Халықаралық фестиваьдары қытайдың Вэйфан қаласында, сондай-ақ Үндістандағы Гуджарат штатында өткізіледі екен. Соңғы бірнеше жылда Қазақстанның астанасы Астана қаласында да ұйымдастырылып жүр. Аталған фестивальдар Өскемен қаласында облыстық деңгейде өтеді деген үміттеміз. Мерекенің соңында Жас техниктер станциясының өкілдері, кайтинг мамандары және басқа да концерттік бағдарламаның қатысушылары музей-қорық әкімшілігінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Музей қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Алексей Мазныцин