• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында. 2018

ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында. 2018

2018 жылғы 27-30 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін мерекелеу шеңберінде музей-қорықтыңақпараттық-білім беру бөлімінің мамандары «Менің елімнің Президенті» атты іс-шара  өткізді.

Іс-шараға Өскемен қаласының №39 және №26 мектептерінің оқушылары, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Туризм» мамандығының бірінші курс студенттері қатысты. 30 қарашада № 5518 әскери бөлімінде әскери қызметшілер мен офицерлерге арналған іс-шара өткізілді.

Қатысушыларға  «Менің елімнің Президенті» тақырыбында дәріс оқылып, Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаянымен, Қазақстан Республикасының Президенті болу жолындағы қызметімен танысты. Ұсынылған деректерден Н.Ә. Назарбаевтың  біздің еліміздің болашағы үшін, сондай-ақ оның алдына қойылған мақсаттарға жету үшін қабылдап жатқан қадамдары көрсетілді.

Материалдарды көрсету барысында  Н.А. Назарбаетың фотосуреті пайдаланылып, «Хабар» телеканалы түсірген «Мемлекет басшысы» атты бейнефильмнің үзіндісі көрсетіледі.

5518 әскери бөлімдегі ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған кездесу- іс-шараны сирек кітаптар және иконажазу бөлімі әзірлеген «Музей-қорықты жинақтаудағы Тұңғыш Президент музейінің сыйы» атты көшпелі көрме толықтырды. Көрмеде Н.Ә. Назарбаевтың кітаптары, жазушылар Қасым Қайсенов пен Әзілхан Нұршайықовтың Тұңғыш Президент музейінен табыс етілген фотосуреттері, құжаттары, кітаптары мен мемориалдық бұйымдары қойылды.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Сергей Суров

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …