• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Қазақстанның балалары жемқорлыққа қарсы. 2019

Қазақстанның балалары жемқорлыққа қарсы. 2019

Музей-қорықтағы мекеме қызметкерлерінің балалары арасында «Қазақстанның балалары жемқорлыққа қарсы» атты шығармашылық байқауы өткізілді. Балалардың барлық жұмыстары Солжағалық кешеннің әкімшілік ғимаратына қойылды.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында,   «Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2018-2020 жылдарға арналған Ведомстволық жоспары негізінде музей-қорықта  «Қазақстан балалары жемқорлыққа қарсы» атты байқау туралы ереже әзірленді.  Бұл шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат. Оқушылар байқауға 30-дан астам суреттер ұсынды. Олардың барлығы музей-қорықтың Солжағалық кешен аймағына кіре берістегі әкімшілік ғимаратта (кассалар орналасқан жерде) қойылған.

Суреттердің бірінде жер шарын қолдайтын қолдар пара алудан тазартуда, екіншісі - жасөспірімдер мен жастар «Сыбайлас жемқорлық жойылсын!» деген ұран жазылған плакат ұстап демонстрацияға шыққан. Тағы бір сурет – «бәтеңкедегі үлкен аяқ» қорқып қашып бара жатқан  аңды басуда, ал суретте: «Жемқорлықты жаншып таста!»  деп жазылған. Байқауға әртүрлі жастағы оқушылар қатысты.    9 сәуір күні  өткен  көрменің ашылуында  «Көрме-экспозиция  жұмыстары»  бөлімінің меңгерушісі Гулнар Смагулова барлық балалардың берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарап еңбектенгенін, сол себепті  барлық қатысушыларды жүлделермен марапаттау туралы шешім қабылданғанын айтып өтті. Көрменің ашылуына келген балаларға және олардың ата-аналарына альбомдар мен түрлі-түсті бояулар  ұсынылды. Көрме жаздың аяғына дейін көрсетіледі.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Суретті түсірген Алексей Мазницын

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …