• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Жеңіс күнін қарсы аламыз. 2019

Жеңіс күнін қарсы аламыз. 2019

Музей-қорықта 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында «Соғыс өртіне шарпылғандар» атты фотокөрме өткізіледі. Сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған басқа да іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

«Соғыс өртіне шарпылғандар» атты фотокөрмеде музей-қорықтың  суретке түсірушілері Алексей Мазницын мен Сергей Суровтың суреттері қойылған. Олардағы басты кейіпкерлер – Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Кеуделері ордендер мен медальдарға толы ардагерлер әне Өскемендегі орталық алаңмен өтіп бара жатыр,, тағы бір суретте Стрелкадағы Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қоюда. Ал жандарында Даңқ полкының фотосуреттері. Жастар «Шырақ жақ» атты акция кезінде соғыста көз жұмғандарды еске ала тұрып, қолдарындағы шырақтарды тұтандырады. Көк жүзінде Ұлы Жеңістің хабаршыларындай сан түрлі шарлар қалықтайды. Немерелерін жетелеген ардагерлер. Фотосуреттерде – ардагерлердің соғыс өртіне орана жүріп, кейінгі ұрпағына сыйлаған бейбіт заманы. Олармен қатарлас Ұлы Отан соғысы кезінен сыр шертетін ақ-қара кинодеректі фотосуреттер. Көрме Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайында өтеді.

Солжағалық саябақтың  Әскери кешен павильондарында Ұлы  Отан соғысы жылдары майдан даласында қаскөй жаумен арпалысқан 109  шығысқазақстандық Кеңестер Одағының Батырына арналған «Өмір үшін өлімге бас тіккендңр» атты тұрақты экспозицияның ашылуы болады. 3 мамыр күні музей қызметкерлері Глубокое ауданының Бобровка ауылында өтетін еске алу Вахтасына қатысады.

Ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі мереке қарсаңында өтетін «Енді қалған ғұмырға арналады» атты әдеби-сазды композиция әзірлейді. Шығыс Қазақстан техникалық-экономикалық колледжінің оқушыларымен кездесуге тыл еңбеккерлері шақырылады.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …