• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Бірінші сыныпқа көшу құрметіне. 2019

Бірінші сыныпқа көшу құрметіне. 2019

21 мамырда Солжағалық кешеннің бас сахнасында №5 орта мектептің нөлінші сынып бүлдіршіндерінің бірінші сыныпқа көшуі атап өтілді. Олар  Солжағалық кешендегі Этноауылдың қызметкерлері дайындаған «Дос жарты жолда қалдырмайды» атты театрландырылған ойын-конкурстық бағдарламаға қатысты.

Солжағалық кешендегі Этноауылдың әдіскері Ольга Савельева мен кешен қызметкері Надежда Глушкова балаларға нағыз мереке жасап берді. Сөйте тұра олардың тек көңілін ғана аулап қоймай, олардың бойларына «жақсылық, мейірім, мәңгілік» сезімдерін сіңіруге тырысты. Балалар болса тәртіп сақтау мен  гүл өсіруге қатысты өз білетіндерін көрсетті, құстардың үнін тыңдады, бал араларына айналып, бал жинады. Сонымен қатар достарын ешқашан да жарты жолда қалдырмау керектігін жадыларына түйді. Оған О.М. Савельева сомдаған доктор Айболиттің бағдарламасы өте-мөте сәйкес келді. Бүлдіршіндерге барлық жағдайда көмекке келген аталған мерекеге қатысушылар – осы мектептің 4-ші сынып оқушылары болғаны ерекше еді.

Мерекенің көңілді өтуіне таңнан бастап жауған жаңбыр да кедергі жасай алған жоқ. Сахнада қойылған орындықтар балаларды табиғаттың тосын жағдайынан сенімді түрде қорғады. «Біз аталған мерекеге жауынға қарамастан келдік, өйткені, балалар бұл мерекеге ерекше дайындалды және асыға күтті, - дейді мектеп тәрбиешісі Лариса Студенкова. –  Біз музей-қорықтағы іс-шараға осымен екінші мәрте қатысып отырмыз. Іс-шара бәріміздің көңілімізден шықты. Бұл жерде нағыз шығармашыл адамдар жұмыс істейді!»

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Алексей Мазницын.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …