• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Ақбауыр таптауырындылықты бұзуда. 2019

Ақбауыр таптауырындылықты бұзуда. 2019

Ақбауыр кешені аумағында қазба жұмыстарын жүргізу барысында болжам бойынша қола дәуірінің соңы мен темір ғасырының бас кезінде бұл жер сақтардың елді мекені болғанын дәлелдейтін материалдар табылды.


Белгілі археолог Зейнолла Самашевтың басшылығымен жүргізілген қазба жұмысы кезінде ешқандай өрнегі жоқ керамика ыдыстар, бидай тартқыщтар, үккіш тастар – куранттар, сондай-ақ, жануарлардың, нақтырақ айтқанда, үй жануарлары сүйегінің қалдықтары табылып отыр. Зейнолла Самашевтың сөзіне қарағанда, бұл материалдардың барлығы кешенді түрде зерттелетін болады. Десе де, қазірдің өзінде ол дүниелер қола дәуірінің соңғы кезеңі мен темір ғасырының бас кезіне жататыны алдын ала айтылуда.  «Бұл барлық жағынан алғанда өте қызықты болып отыр, - деп түсіндірді өз сұхбатында профессор, – өйткені, ол біздің осы уақытқа дейін қалыптасып қалған көптеген стереотиптер мен пайым-түсінігімізді өзгертеді. Сондықтан біз бұл арадан сақтардың мекенін таптық және мұнда сол халық тұрақты тұрған деп айтуымызға толыққанды негіз бар».

Қазба жұмыстары 40 сантиметр тереңдік пен 36 метр ұзындық және 24 метр ендікте жүргізілді. Зейнолла Самашевтың пайымдауынша, бұл әзірге   басы ғана, өйткені, елді мекеннің аумағы бұдан әлдеқайда үлкен әрі кең болуы мүмкін және тереңдігін  де әлі қаза түсу керек. Қазба жұмыстары жалғасын табады және бұл жұмыстарды бастауға бастамашы болған, сондай-ақ, оның негізді жүргізілуіне үлкен көмек көрсеткен облыс әкімі Даниал Ахметовтың үлесі қомақты деуге негіз бар. Ендігі жерде материалдармен, олардың дайындалу технологияларымен және елді мекеннің хронологиясымен жете танысу үшін, оларды нақты анықтау үшін қазақстандық және ресейлік мамандардың көмегіне сүйенуге тура келеді. Аталған қазба жұмыстарына қатысқан С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың студенттері мен оқытушылары да оны зерттеуге қызығушылық танытып   отыр. Университеттің қатысуымен жүргізілген камеральді өңдеуден кейін барлық артефакті музей-қорыққа өткізілетін болады.

Зейнолла Самашевтың пікірінше, Ақбауырға қатысты музейлік-туристік инфрақұрылымды міндетті түрде әрі қарай дамыту керек. Ал   Ақбауырдың жанынан осы жерден табылған барлық жәдігерлерді орналастыратын археологиялық музейдің құрылысы жүргізілсе нұр үстіне нұр болар еді, Қазірде музей құрылысына қатысты жоспарлар жан-жақты  ойластырылуда. Әзірге мұнда қазба жұмыстары тоқтап тұр. Алайда, олар туристермен жұмыс істеуге еш кедергі етпек емес. Туған өлкеміздің ерте  кездегі тарихымен танысқысы келетіндер үшін археологиялық кешеннің есігі әрдайым ашық.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

 

         

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …