Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы қазақ этнографиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері Айман Қайырбекова Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Мұндай белгімен саланың дамуына, ел мәдениетінің өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан және ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек еткен мәдениет қызметкерлері марапатталады.
21 маусым күні Айман Рамазанқызын музей-қорықтағы әріптестері құттықтады. Музей-қорық директоры Медет Нұрғалиев марапат иесінің алдағы уақыттағы жұмысына табыс, ал ұжымның алға қойған міндеттерді жүзеге асыру жолында жаңа биіктерге қол жеткізуіне тілектестігін білдірді. Қызметтес әріптестері Айман Рамазанқызына зор денсаулық, мол табыс және тек жақсылық пен өркендеу тіледі.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Предыдущая | Следующая > |
---|