Солжағалық кешен аумағындағы Шеберлер қалашығында әр аптаның демалыс күндері қолөнер шеберлері балаларды да, үлкендерді де әртүрлі қолөнершілікке, оның ішінде ескі заманғы қолөнершілікке үйретеді. Онда 22 маусым күні де шеберлік дәрістері болып өтті.
Гипстен түрлі мүсіндер өрнектеу ерекше тартымдылыққа ие. Оған сенбі күні Анастасия Миронова мен Анастасия Семенованың жетекшілігімен Шеберлер қалашығында гипске өрнек салумен айналысқан келушілердің көзі әбден жетті. Ал олардың жанында шебер Людмила Кузнецова үйренгісі келген адамдарға түрлі қомпималардан үй иелерін жасауды үйретті. Бұл әсіресе жеткіншек балаларға көбірек ұнағандай, өйткені, олар көңілді үй иелерін, атап айтқанда, аттас мульфильмдегі Кузяны ұмыта қойған жоқ. Славян халықтарында мұндай үй иесі тұмардың да ролін атқарған, яғни, үйді қорғайды, отбасына жайлылық пен амандық тілейді деп саналған. Сонымен қатар ондай үй иелері үй жануарларына да қамқор болып, астықтың бітік шығуына негіз болады деп есептелген.
Шеберлік дәрістеріне келушілер тек қолөнершілік туралы ғана біліп-үйренбей, олардың пайда болу тарихына да қанықты. Жалпы сол жерде жасалған бұйымдарды бірге ала кетуге де болатын еді.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров