5 негізгі іс-шара жоспарланған...
1) 2019 жылдың 29 тамызы күні сағат 13.00-де музей-қорықтың Бейбітшілік көшесі, 29 ғимаратында ақпараттық-ағарту бөлімінің мамандары ҚР Конституциясы күнін мерекелеу шеңберінде ШҚО білім басқармасы жасөспірімдердің Шығыс Қазақстан облыстық арнайы үйінің тәрбиеленушілері үшін виртуалды іс-шара өткізеді. Іс-шараға 30 адам қатысады.
Іс-шара бағдарламасында:
- «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» атты дәріс. Дәріс барысында жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілеріне Конституция туралы түсінік беріліп, оның қоғамның әлеуметтік-экономикалық, рухани және құқықтық дамуының нәтижесі ретіндегі қалыптасу үдерісі қарастырылады, Конституцияның құрылымы мен мазмұны жайлы ақпарат беріліп, мемлекеттің Негізгі Заңының қоғам мен ел өміріндегі ролі туралы сөз болады. Қазақстан Республикасы азаматтарына берілген негізгі құқықтар мен міндеттер жайлы айтылады.
- Мемлекетіміздің Негізгі Заңының тарихы мен құрылу үдерісі жайлы әңгіме қозғалған «Қазақстан Республикасының Конституциясы: кеше және бүгін» атты бейнеролик.
- «Еліміздің Конституциясы» атты викторина.
2) 2019 жылдың 29 тамызы күні сағат 16.00-де музей-қорықтың Горький көшесі, 59 ғимаратында белгілі суретші-зергер және коллекционер, жерлесіміз, ШҚО, Тарбағатай ауданының тумасы, «ЮНЕСКО Сапа белгісі» сертификатының иегері С.М. Бәшіровтың жеке топтамасынан алынған, қазақ халқының қолданбалы өнер туындыларынан тұратын «Бабалар мұрасы – ұрпаққа қазына» (Наследие предков – достояние потомков») атты көрмесінің ашылуы болады.
3) 2019 жылдың 30 тамызы күні сағат 9.00-де Қ. Қайсенов атындағы этнобақта сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі болып, онда былғарыдан, матадан, шпоннан, қайыңтоздан, ағаштан жасалған бұйымдар мен зергерлік әшекейлер қойылады.
4) 2019 жылдың 30 тамызы күні сағат 9.00-де Қ. Қайсенов атындағы этнобақта «Өз қолымызбен жасаған ғажайыптар» атты облыстық көрме болады. Онда бағбандар өз қолдарымен өсірген жеміс-жидектерді, гүлдер мен көшеттерді және тұқымдарды жайып салады.
5) 2019 жылдың 30 тамызы күні сағат 11.00-де музей-қорықтың Солжағалық кешені аумағында «Ертіс концерттің», Конституция күніне арналған мерекелік концерті болады.