2019 жылдың 30 тамызы күні Қ. Қайсенов атындағы этнобақта музей-қорықтың ұйымдастыруымен «Өз қолымен жасалған ғажайыптар» атты облыстық дәстүрлі көрме болды. Онда бағбандар сан түрлі гүлдер мен ағаштарды саябақ жағдайларында, сән үшін және үйге арнап өсірудегі құпияларын ортаға салды. Келер жылдың астығына арналған тұқымдардың көптеген түрі ұсынылды. Сонымен қатар аталған жерден сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің ағаштан, былғарыдан, шпоннан, қайың қабығынан және басқа да табиғи материалдардан жасаған бұйымдары мен зергерлік әшекейлерді де сатып алуға болатын еді.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Алексей Мазницын.