22 қыркүйекте Қасым Қайсенов атындағы саябақта музей- қорықтың орыс этнографиясы бөлімі мен ШҚО тілдерді дамыту басқармасы және славян мәдениетінің аймақтық қоғамы ұйымдастырған «Славяндардың тілі - ата-бабаларымыздың мәдениеті мен тарихын білудің кілті» конкурстық эстафетасы өткізілді.
ШҚО тілдерді дамыту басқармасы басшы міндетін атқарушысы Роза Төлемісованың құттықтау сөзінде айтқандай, Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған мерекенің мақсаты, - этникалық топтардың тілдері мен мәдениеттерін дамыту, тілдік әртүрлілікті сақтау. Өскемендегі РФ бас консулдығының вице-консулы Николай Тищенко Қасым Қайсенов саябағында жиналған қатысушылар мен көрермендерді құттықтай отырып, әлемдік тілдердің біріндей, орыс тілінің де бай екеніне назар аударды. Мереке саябақтың орталық алаңында, облыстық халықтар достығы үйінің «Арабеск» балалар-жасөспірімдер ансамблінің орындауындағы орыс қыздарының биімен басталды. Концерттік бағдарламаға достық үйінің шығармашылық ұжымы қатысты: беларусь этникалық бірлестігінің «Гармония» үштігі, украин этникалық бірлестігінің «Барвинок» ансамблі, орыс ән хоры «Русская песня», сондай-ақ «Бастеньки» ансамблі және басқа да ұжымдар.
Ұжымдардың қойылымдары көрермендер арасында славян мәдениеті мен салт-дәстүрін білу туралы викторинамен ұласты. Сол уақытта сәулет-этнографиялық парктің ашық аспан астындағы көрмесінде конкурстық эстафета өтті, оған қаланың әртүрлі мектептері мен оқушылар шығармашылығы сарайының командасы қатысты. Бес конкурстық алаңдарда, командалар бағыттар бойынша бірінен соң бірі қозғалды. Соның ішінде «Аз, буки, веди…» орыс аліпбиінің пайда болуы туралы, «Пушкин – наше всё», «Народное слово» мұнда орыс халқының мақал-мәтелдері, орыс тіліндегі архаизмдер мен диалектілер туралы білім тексерілді. «Родная речь в русском подворье» алаңында шаруа үйінің ішкі көрінісі мен өмірі көрсетілді, ал «Наше культурное наследие» алаңында мектеп оқушыларының туған өлкенің тарихы мен көрнекті жерлерін қалай білетіндігі анықталды.
Жарыстың нәтижесі бойынша, бірінші орынды № 10 орта мектептің командасы, екінші орынды № 9 мектептің командасы, үшінші орынды мектеп оқушыларының шығармашылық сарайының командасы иеленді. Барлығын дипломдармен марапаттап, кәдесыйлар берілді. Қатысқандары үшін №36 мектептің командасы дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, мұғалімдерге мектеп оқушыларын дайындауға белсенді қатысқаны үшін мақтау қағаздары табысталды. Ал Өскемендегі РФ бас консулдығының өкілі мектеп оқушыларына танымал орыс жазушыларының кітаптарын сыйлады.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Алексей Мазницыннің суреті