Музей-қорық Новосібір қаласындағы бірқатар мекемелермен өзара түсіністік және келісім, сондай-ақ, әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Бұлар Новосібір облысының «Новосібір мемлекеттік өлкетану музейі» мемлекеттік автономиялық мәдениет мекемесі, «Р.А.Шило атындағы Новосібір зообағы» МУМ және Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Орталық Сібір ботаника бағы.
Музей-қорық директоры Арсен Теннің пікірінше, біздер алдағы уақытта коммерциялық негіздегі емес келісімдер шеңберінде музейге арналған тиімді дүниелерді ала аламыз. «Бізде тәжірибе алмасу мақсатында аталған мекемелерге көрсететін және ұсына алатын дүниелер баршылық, - дейді Арсен Владимирович, - Мысалы, Орталық Сібір ботаника бағымен ғылыми ақпараттармен, сәндік өсімдіктерді отырғызатын материалдармен алмасып, кеңес беру қызметін көрсету және алу турасында тәжірибе алмасуға әбден болады. Новосібір музейімен жасалған меморандумда қызметкерлердің біліктілігін арттыруы және тәжірибеден өтуі де қарастырылған.
Новосібір зообағы – Ресейдегі ең ірі зообақтардың бірі. Олармен әріптестік біздің өлкенің фаунасы бөлімінің жұмысында айтарлықтай жемісті болары сөзсіз. Ал оның даму перспективасына келетін болсақ, онда музей-қорық зообағындағы жануарлардың оңалуына ерекше көңіл бөлінетін болады. Әдетте, олар облысымыздың әр аймағында қысылтаяң жағдайларға тап болып жатады. «Біз оларды мейлінше оңалтатын боламыз, кейбіреулерін өзімізде қалдырамыз, енді біреулерін табиғат аясына жібереміз, - дейді музей-қорық директоры.
Келешекте музей-қорықтың Қазақстанның басқа да қалаларындағы бірқатар музейлермен әріптестік орнатуы көзделінуде.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.