• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Экскурсия по культовым объектам - познание истории. 2019

Экскурсия по культовым объектам - познание истории. 2019

Халифа Алтай мешітіндегі ислам мәдениеті музейінде қандай жәдігерлер сақталады? Өскеменнің көне шіркеулерінің бірі Стрелка ықшам ауданындағы Қасиетті Троицк храмы қай кезде тұрғызылған? Рим-Католик шіркеуіне Қасиетті Розарияның Қасиет қонған Дева Мариясының келуінің ерекшелігі неде? 2019 жылдың 5 желтоқсаны күні Өскемен қаласындағы №30 орта мектептің 8 сынып оқушылары олар туралы музей-қорықтың халықтар этнографиясы және аз санды этнотоптар бөлімінің меңгерушісі Татьяна Свахинаның ғибадат ететін нысандарға экскурсия барысында   айтқан әңгімесінен естіп-білді. «Біздің қалада әлемнің басты үш дінінің ғибадат ету нысандары бар, - дейді Татьяна Евгеньевна, - біз көшпелі экскурсияларға қатысушыларды олармен үнемі кеңінен таныстырамыз. Бұл жолы оларды әр жерлерде:  мешітте мешіт қызметкері Руслан Қанферов, Андреев соборында иеромонах Силуан (Могилев)  және Рим католик шіркеуінің кіреберісінде  о. Серафим  мен Франческа әпке қарсы алды».

Оқушылардың ғибадат ететін орындарда болуы алдымен өз өлкесінің, өз елінің тарихын танып-білуі деген сөз. Ол сан түрлі дін өкілдерінің шынайы достық пен келісімде өмір сүріп жатқан тірлігінен сыр шертеді.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергея Суров.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …