• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Әбіш Кекілбаев туралы фильмдер. 2019

Әбіш Кекілбаев туралы фильмдер. 2019

Музей-қорық қызметкерлеріне жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы туралы баяндайтын «Самғау» атты деректі фильм көрсетілді. Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев (1939-2015) - қазақстандық қоғам және  саяси қайраткер, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, филолог, әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және  Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің Құрметті профессоры.

Сценарий авторы, кинорежиссер Жаңабек Жетіруов Ә. Кекілбаев туралы фильм түсіру жайлы идея оған 2009 жылы, жазушының туғанына 70 жыл толған кезде келгенін айтады.  Фильмде Әбіш  Кекілбайұлы бастан кешкен дүниелерін өзі баяндайды. Ол өзі туып-өскен ортадағы  жерлестерімен кездесуі жайлы әңгімеледі. Жазушы Гурьев облысы (қазіргі Маңғыстау), Маңғыстау ауданының Оңды ауылында туған. Ол сонымен қатар өзінің кітаптары жайлы әңгімеледі. Олар – «Аңыздың ақыры», «Ұмыт қалған жылдар жайлы баллада» кітаптары, олар – Мопассанның өзі қазақшаға тәржімәлаған «Пьер мен Жан», «Өмір», Л. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» (жекелеген тараулары), И. Буниннің, А. Чеховтың, Г. Ибсеннің бірқатар  туындылары. Оның «Аңыздың ақыры» атты шығармасы 2019 жылы «Бір ел – бір кітап» атты республикалық акцияның  қазылар алқасының шешімімен Қазақстандағы жалпы халық сүйіп оқитын басты кітаптардың бірі болып танылғаны көңіл қуантады. «Самғау», сондай-ақ, «Әбіш Кекілбаев» фильмдері жазушының 80 жылдығына орай шығарылған. Ақпараттық-ағарту бөлімі фильмді қалың көпшілікке және оқушылар мен студенттерге де көрсетуді қолға алмақ.  

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …