2019 жылдың 11 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында музей-қорықтың ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері А.А. Григорьева мен О.М. Байғонысова «Менің Отаным – менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты виртуалды дәріс-әңгіме өткізді. Іс-шараға Өскемен қаласындағы №4 орта мектептің 3 сынып оқушылары қатысты. Барлығы 30 адам.
Балалар дәріс барысында мемлекетіміздің қалыптасу кезеңіндегі басты оқиғаларды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың осынау тарихи маңызды үдеріс жылдарында сіңірген еңбегін кеңінен танып-білді. Онда сонымен қатар еліміздің тамылжыған табиғаты, табиғат сұлулығының қазақстандық суретшілердің еңбектері арқылы қалай суреттелгені, оларға тұмса табиғат қалайша шабыт бергені және суретшілерлің олар арқылы туған жерге деген махаббаттарын жеткізу сырларымен танысты. «Қазақстан Республикасының картасы», «Еліміздің рәміздері», «Мақал-мәтелдерді жинақта», «Картинаның атын ата» сынды конкурстар өткізілді. Дәріс барысында қалалар мен еліміздің табиғаты жайлы баяндайтын бейнекөріністер көрсетілді.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Предыдущая | Следующая > |
---|