Ақпараттық-ағарту бөлімі жазушы, қоғам және саясат қайраткер Әбіш Кекілбаев туралы (1939-2015) фильмдер көрсетуді бастады. 11 желтоқсан күні бөлім меңгерушісі Шынар Кәрібаева Өскемен қалалық әкімдігіне қарасты «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ-нің оқушыларына аталған жазушының 80 жылдығына орай шығарылған «Самғау» және «Әбіш Кекілбаев» атты фильмдерді ұсынды. Бұл фильмдер бірін-бірі толықтырып тұр. Оның біреуінде Әбіш Кекілбаевтың өмір жолы мен туған жерімен байланысы туралы сөз сапталса, екіншісінде жазушы, филолог, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің Құрметті профессорының шығармашылық жолы жайлы әңгімеленеді.
Жалпы, аталған фильмдер лицей оқушыларының білім алу үрдісінде ерекше демеу болатынын атап өткен жөн.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Предыдущая | Следующая > |
---|