• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Музей-қорықтың жаңа жыл алдындағы тамашалары. 2019

Музей-қорықтың жаңа жыл алдындағы тамашалары. 2019

Әртүрлі елдің Мыстан кемпірлері семинарға келдік деп ойлаған, ал шын мәнісінде олар балалардың музей-қорықтағы жаңажылдық мерекесіне тап болды. Бұдан не шықты? Ол – музей-қорықтың ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері қала мектептерінің төменгі сынып оқушыларына арнап, Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратында өткізетін «Жаңа жыл алдындағы ғажайыптар» атты тартымды қойылым. 23 желтоқсандағы алғашқы қойылымға ШҚО білім басқармасына қарасты «ШҚО арнайы мектеп-интернаты» КММ мен Өскемен қалалық әкімдігіне қарасты №34 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.

Жаңа Жылды  балалармен бірге тек Мыстан кемпір ғана емес, Ақшақар да, жаңажылдық түн де, сонымен қатар Аяз Ата да қарсы алады. Жаңажылдық қойылымдарда көңілді хороводтар, билер және әзіл-қалжыңдар жетіп-артылады. Әрине, мұнда қойылым соңында жарқырап жанатын шамдары бар нағыз жаңажылдық шырша да орын тепкен. Ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әдіскері Марина Владимировна Борисенконың  айтуына қарағанда,  мұндай ертеңгіліктердің басты мақсаты – балаларға жаңажылдық мереке сыйлау. Бұл көңіл-күй әрине, мерекені ұйымдастырушылар тарапынан жасалады.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …