Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың кемеңгер ұлы, ойшыл-ғалым, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлы туралы мақала жазды Оның «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы ақынның 175 жылдығына орайластырылған. Биылғы мерейтойлық жылда мемлекеттік және халықаралық еңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Олардың барлығы біздің наным-түйсігіміздің, ой-санамыздың, рухани дамуымыз бен азаматтық патриотизміміздің нығая түсуіне бағытталған.
Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының қызметкерлері Президент мақаласын оқи отырып, Абай шығармашылығы мен оның өлеңдері бүгінде де өте көкейкесті, сондықтан ұлы ақынның қара сөздерінде келтірілген құнды нақылдарды қазірде де ескеру өте-мөте қажет екенін атап өтуде. Бұдан басқа, мақалада заманауи қоғамды тарихи тұлғаға жақындата түсу мақсатында атқарылуға тиіс нақты шаралар да атап көрсетілген. Ал бұл Абай туралы ілім-білімді өмірде уақтылы жүзеге асыруға бағыттайтын және дер кезінде қолға алынған өте дұрыс бастама деген жөн. «Мен осы мақаламда жұртшылықпен Абай сөздерінің қазіргі уақыт үшін қаншалықты көкейкесті екендігі және біздің халық ақын туындыларынан қандай уағыз-білім алуы тиіс екені турасында ой бөліскім келеді, - деп жазады Президент Қ. К. Тоқаев. Оның ой-толғамының басты бағыттарының бірі – Абайдың жеке тұлғасы. «Абай сөзі дегеніміз – ұлттық болмыстың мысалы. Біз ақын және ойшыл арқылы адамдар санасына ұлттық мұраны дамыту жағдайының ең бастысы қоғамды «бүгінгі жағымды тенденциялармен үйлестіре отырып» модернизациялау бейне бір жаңалану, бейне бір жаңа өмір болып табылатынын жеткіземіз».
Мақалада сондай-ақ, Семей қаласына ерекше мәртебе беру қажеттілігі туралы да атап өтілген. «Абайдың, Шәкәрім мен Мұхтар Әуезовтің отаны болып табылатын Семей қаласына тарихи орталық деген ерекше мәртебе берген жөн. Қалада ауқымды жұмыстар жүргізілуі керек. Тарихи және мәдени ескерткіштерді жаңалаумен қатар, Семейдің әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына да аса көңіл бөлу қажет», - деп атап өтті Президент.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы ақын әрі ойшылдың 175 жылдығына арналған іс-шараларды жіліктей келе, қазақстандықтарды аталған күнді мерекелеуге асқан белсенділікпен атсалысуға шақырды.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
< Предыдущая | Следующая > |
---|