• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Белоусовкада ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлы туралы сыр шертетін көрме болып өтті

Белоусовкада ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлы туралы сыр шертетін көрме болып өтті

2020 жылы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады және бұл  музей-қорықтағы іс-шаралардың бірден-бір атаулысы  болып табылады. 17 қаңтар күні сирек кітаптар бөлімінің қызметкерлері Белоусовка кентіндегі №1 орта мектепте қор топтамаларынан алынған «Абайдың өмірі мен шығармашылығы» атты көшпелі көрмемен болып қайтты. Көрмеде Абайдың кітаптары, ақынның портреті, сондай-ақ, картиналары қойылды.

Бұлармен қатар шығысқазақстандық суретші Болат Исиннің Абай туындылары желісінде салған жұмыстары, Юрий Хабаровтың ұлы ақын және ойшылдың шыққан тегімен таныстыратын акварельдері және музей-қорықтың аға ғылыми қызметкері Гүлнар Бекбердинованың «Абайдың туған жерлері» атты  картинасы ұсынылды. Оқушыларды әсіресе, құран мен Абайдың исламға көзқарасы турасында баяндайтын діни бұйымдар көбірек  қызықтырды. Абай еңбектерінің арасында латын тілінде жазылған 1936 жылғы таңдамалы шығармалары мен 1940 жылы жарық көрген толық шығармалар жинағы, сондай-ақ, философ-ақынның қалың елге әбден таныс  «Қара сөздері» болды.

Сирек кітаптар бөлімінің меңгерушісі Әсел Қаршалова оқушыларға Абай Құнанбайұлының ағартушы, ақын, ойшыл, қазақ әдебиетінің негізін салушы болғаны туралы әңгімеледі. Көрмеде 4 – 10 сыныптарда оқитын 140  оқушы болды. «Біз үшін бұл көрменің мәні зор, - дейді мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Алёна  Тимофеева. – Соның  арқасында балалар ұлы ағартушы және ақын туралы көбірек біле түсті».

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Алексей Мазницын.

 

 

       

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …