2020 жылы ақын, сазгер, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Музей-қорық қызметкерлері #Abai175 челленджіне қатысуды жалғастырып келеді. Челленджді 2019 жылдың 31 мамыры күні «Болашақ» бағдарламасының түлегі Шынар Шәкен ойлап тапқан-ды
Ол Абай өлеңдерін оқуды, сөйтіп, оны ролик желісіне салуды ұсынды. Бұл акция Қазақстан астанасында тұратын 9 жасар оқушы Ләйлімшырақ эстафетаны мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырған соң кеңінен өріс алды. Президент ақынның жас буынды ғылым мен білімді меңгеруге, алға қойған мақсатқа қол жеткізуге шақырған «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінен үзінді оқыды. Одан соң эстафетаны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергенге тапсырды.
Қазақстандық акцияға бара-бара әр түрлі елдердің, атап айтқанда, Ресейдің, Беларустің, Ұлыбританияның, Италия мен Египеттің және басқа да елдердің әлеуметтік желіні пайдаланушылары қосылды. Челленджге қатысушылар Абайдың өлеңдерінен, прозалық туындылары мен «Қара сөздерінен» үзінділер оқиды. Эстафетаны халықтар мен аз санды этнотоптар этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Татьяна Свахина қабылдап, оны әрі қарай жалғастыру үшін музей-қорықтың этнологы Мирхат Шәмшиевке табыстады.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Видеожазбаны түсірген Алексей Мазницын.
< Предыдущая | Следующая > |
---|