2020 жылдың 27 ақпанында Қ. Қайсенов көшесі 67 музей-қорықтың залдарында Өскемен қаласының экономика және қаржы колледжінің студенттеріне «Мен музейге барамын» акциясы өтті. Бұл музей-қорықтың келушілерді қызықтыру жұмысының жалғасы.
Акция Қазақстанда 1 наурызда өтетін жатқан Алғыс айту күні қарсаңында өтті. Тәрбие және бұқаралық жұмыс бөлімінің әдіскері Любовь Лазарева студенттерге «Біз - Қазақстан халқымыз» экспозициясы орналасқан залдарда экскурсия өткізді. Акцияға барлығы 30-ға жуық студент қатысты.
«Музейге барамын» акциясы Қазақстанда «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдан бастап қолға алынды. Ағымдағы жылдың 20 ақпанында музей-қорық қызметкерлері Өскемен политехникалық колледжінің студенттерімен кездесті. Олар XIV-XX ғасырлардағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен, музыкасымен, қолөнерімен, аңшылығымен, темір ұстасымен байланысты қазақ этномәдениеті туралы тұрақты көрмемен танысты. Сонымен қатар, музей-қорықтың өнертанушысы Тамара Быкова музей галереясында Қазақстан суретшілер одағының мүшесі «Мұзтау тауына арналған Алтай аңыздары» көрмесіне экскурсия жасады.
«Мен музейге барамын» жобасының кураторы - Гүлмарал Сәдуақасова, Өскемен қаласы әкімдігінің жастар ресурстық орталығының қызметкері. Акция жалғасуда.
Музей-қорық баспасөз қызметі
Сергей Суровтың суреті
< Предыдущая | Следующая > |
---|