• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Бердо және тоқымашылық қолөнерінің құпиялары туралы

Бердо және тоқымашылық қолөнерінің құпиялары туралы

«Мүлде босбелбеу болып кетті» деген сөз естеріңізде ме? Ол бізге ерте заманнан жеткен.Жалпы, бабаларымыздың ел алдына белбеусіз шығуы өрескел саналатын. Енді ғана дүниеесігін ашқан нәрестеге де белбеу байлағанжәне ол белбеу оның жасы өскен сайын ауысып отырылған, әйтеуір  ол әр адамда болуы керек болып есептелетін.

 13 наурыз күні музей-қорықта өткен  шеберлік дәрісінде  Ұлан ауданының Украинка ауылынан келген шебер Марина Бурковская осылар және ертеректе үй жағдайында тоқылған белбеулер мен басқа да қызықты дүниелер жайлы  әңгімелеп берді.Марина Петровнаның өзі әртүрлі баулар мен бердо белбеулерін жасау үшін жиі тарақ сияқты затты пайдаланады екен. Тоқымашылықтың мұндай түрін біздің ата-бабаларымыз – славяндар қолданса керек. Тоқыма бұйымдардағы суреттер жайлы сөз саптаған шебер оларға ұқсас ою-өрнектер өзге ұлттарда да кездесетінін атап өтті. Ол қазақ кілемдерінен осындай ұқсастықты байқап келеді.Осы жерде облыс орталығының қолөнершілері де өз бұйымдарын ұсынды. Мәселен, Флёра Камаева сутаждық техникада дайындалған өрнектерін, Татьяна Красильникова киізден жасалған  қол жұмыстарын, Юлия Проскурина матадан жасалған ойыншықтары мен  интерьерлік қуыршақтарын көрсетті.  Ерлі-зайыпты Ольга және Владимир Шеповаловтар  көрмеге өздерінің қайың қабығынан жасаған бұйымдарын әкелді.  Шеберлік дәрісі мен көрмеге Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың  ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенттері келді.

 Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

                    

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …