• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары ВСТРЕЧАЕМ НАУРЫЗ – ПРАЗДНИК ВЕСНЫ

ВСТРЕЧАЕМ НАУРЫЗ – ПРАЗДНИК ВЕСНЫ

Наурыз мейрамы – Қазақстандағы аса қадірлі мерекелердің бірі.  Бұл күн «Рухани жаңғыру» бағдарламасының рухани құндылықтарын жүзеге асыру контексінде Ұлттық бірлік және үйлесімділік күні болып табылады. Оны мерекелеудегі басты мақсат - Қазақстан аумағында бейбітшілік пен достықты беріктендіру және ұлттық сәйкестікті сақтау, отбасылық құндылықтарды бағалай білуге тәрбиелеу, қоршаған орта мен табиғатқа қырағылықпен қарау дағдысын қалыптастыру.

 Осы тұста Наурыз жер бетіндегі көне мерекелердің бірі екенін атап өткен абзал. Ол сонау зороастрикалық кезеңге дейін белгілі болған,, оны б.д.д. VII ғасырға дейін атап өткен. Наурыз Ахеменидтер  (б.д.д. VI – IV ғасырлар) мен Сасанидтер (б.д. III-VII ғасырлары) мемлекетінде ең басты  мереке болып саналған. Ол парсышадан аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны береді. Оның жазылуы мен айтылуы әр халықта әрқалай айтылады. Мысалы: Новруз, Навруз, Нуруз, Невруз, Наурыз, Нооруз және басқалай болып кете береді.

Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз – жыл басы, көктемгі күн мен түннің теңелуі. Қазақтар үшін ол күн көктемгі жаңару, махаббаттың салтанат құруы, молшылық пен достық символы болып табылады. Аталған мерекенің формасы шын мәнінде сонау ерте заманның өзінде табиғатқа деген сүйіспеншілікті білдіргендей. Бұл күні аспан әлемі жарқырап, шоқжұлдыздар мен жұлдыздар жыл бойғы айналымынан кейін өзінің әу бастағы болмысына оралып, жаңаша жолын - айналымын бастайды. Сондықтан да Наурыз көктем мерекесі, табиғаттың оянуы, жыл басы, жаңа өмір бастауы болып есептеледі.

Қазақтардың ертедегі аңыздарына сәйкес, бақыт аталған мереке қарсаңында әлемді аралауға шығады, ал Наурыз болса бұл - жер бетіне мейірімділік пен жарықтың келуі, ол келгенде гүлдер ашыла бастайды, құстар сайрайды, дала көк кілемге оранады, сөйтіп, Наурыз жер бетіне келіп түседі.

Құрметті достар, келе жатқан  Наурыз құтты болсын! Мереке қаншалықты дархан көңілмен аталып өтсе, жыл бойы соншалықты молшылық болатынын есте сақтаңыздар. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз амандықта болсын. Қазақ мифологиясының бас кейіпкері – ақ сақалды Қыдыр Ата Жаңа жыл қарсаңында бүкіл жер бетін аралап, барлықтарыңызға бақыт және жарқын өмір сыйласын.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.


                 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …