• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары «ОРЫС МУЗЕЙІ – ВИРТУАЛДЫ ФИЛИАЛ» ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

«ОРЫС МУЗЕЙІ – ВИРТУАЛДЫ ФИЛИАЛ» ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

Музей-қорықтың бірнеше жылдан бері Санкт-Петербургтегі Орыс музейінің филиалы болып табылатын ақпараттық-ағартушылық бөлімі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына және орыстың көрнекті қолбасшысы А.В. Суворовтың туғанына 290 жыл толуына арналған «Орыс өнеріндегі батырлар мен жеңістер» атты мультимедиялық ресурстардың VIII Халықаралық конкурсында жүлделі орынға ие болды 

Аталған бөлімнің қызметкерлері бөлім меңгерушісі Шынар Кәрібаевамен бірге осы бір конкурсқа қатысуға Қазақстан-Американ еркін университеті колледжінің оқушыларын тартқан еді. Олар «Студенттер (ұжымдық жұмыс)» аталымында II орынды иеленді.   Наиля Әбішеваның, Алтынай Тілеуханованың,  Адэл Матниязованың, Зинаида Накалюжная мен Виктория   Ушакованың мұрындық болуымен «Соғыс портреті. Жеңіс келбеті» атты мультимедиялық фильм әзірленді.

«Ересектер (жеке жұмыс)»  аталымы бойынша III орын «Өмір үшін от кешкендер. Бас имейтін қала» атты сайты үшін Олеся Маратқызы  Байғонысоваға бұйырды. Бұл жұмыс кәсіби деңгейде аталып өтіп, Орыс музейінің барлық филиалдарына ұсынылды.

Наурыз айында Санкт-Петербургтегі Орыс музейінде конкурсқа қатысушыларды марапаттайтын салтанатты рәсім өтуге тиіс еді. Алайда, музей-қорықтың өкілдері де шақырылған бұл іс-шара коронавирус пандемиясына орай жарияланған карантинге байланысты кейінге қалдырылды.

«Өмір үшін от кешкендер. Бас имейтін қала» сайты Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын тойлау шеңберінде жасалған болатын. Ол  1941 жылдың 8 қыркүйегінен 1944 жылдың  27 қаңтарына дейін қоршауда қалған Ленинград қаласы  тұрғындарының ерлігіне арналған.

«Біз сайт тұрақты болмауы керек деп есептейміз, - дейді бөлім меңгерушісі Шынар Кәрібаева, - сол себепті сіздерден, біздің келушілерімізден сайтқа ақпарат салуды ұсынамыз. Бәлкім, сіздер аталарыңыз бен арғы аталарыңыздың осынау шаһарды қорғағанының куәсі ретіндегі фотосуреттермен, тарихымен және хаттарымен бөліскілеріңіз келетін болар. Біз  олардың тарихын білуге және өзгелерді де олардың тарихымен таныстыруға бейілміз. Осы сынды ақпарат болып жатса оны ukam@rusmuseumvrm.ru    электронды поштасына жібере аласыздар». 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі


 

 

 

 

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …