2020 жылдың 29 сәуірі күні облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласын аралаған жұмыс сапары барысында Жамбыл атындағы саябақта болды. Бұл кезде саябақта ағаш отырғызылып жатқан еді. Ол шаруаға Даниал Кенжетайұлы да араласып, ағаш отырғызды.
Бір айта кетерлігі, музей-қорықтың барлық қызметкерлері, сондай-ақ, облыс әкімімен бірге жүрген әкімдік пен мәслихат қызметкерлері бетперде киіп, карантин жағдайына байланысты өзара қашықтық сақтау ережесін ұстанды. Отырғызуға арналған материалдар, атап айтқанда, қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар Марқакөл тәлімбағынан, Риддер қаласынан, сонымен қатар Риддер ботаникалық бағынан әкелінді.Бұл күндері саябақта 400-ге тарта көшет отырғызу жоспарлануда. Музей-қорықтың музейтану, ашық аспан астын абаттандыру бөлімінің жұмысшылары жаңа көшеттер отырғызуға дайындық барысында 100 кәрі ағашты кесіп, алып тастады. Олар емен, үйеңкі және басқа да көп жылдан бері келе жатқан саясы аз ағаштар, сондай-ақ, олардың кез келген уақытта саябақта тынығып жүрген адамдардың басына құлауы мүмкін еді. Жамбыл саябағы карантин біткен соң қалалықтарды жаңа отырғызылған ағаштардың жап-жасыл жапырақтарының сұлу сыбдырымен қарсы алатын болады. Құрметті қалалықтар мен қала қонақтары, бұлардың бәрі сіздердің еркін тыныстай демалуларыңызға бағытталған.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Суретті түсірген Алексей Мазницын
< Предыдущая | Следующая > |
---|