15 мамыр күні Қазақстанда халықаралық Отбасы күні аталып өтіледі.
Ол 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен жарияланған болатын. Аталған мерекенің мақсаты - отбасында орын алатын мәселелерге қоғам назарын аудару. Қазақстанда бұл мерекенің алатын орны ерекше. Қазақтар үшін отбасы деген ұғым ежелден киелі болып табылады. Сәби дүние есігін ашқаннан және отбасында тәрбие алғаннан бастап, осынау үйде қалыптасқан барлық дағдыны бойына сіңіреді. Сол себепті де қазақ отбасыларында бала тәрбиесіне ерекше мән беріледі.Бала өмірге келгеннен кейін және оның өмір жолында жүзеге асырылатын салттар мен дәстүрлер жетіп-артылады. Сол салттың бірі – тұсау кесу. Ол бала аяғын апыл-тапыл баса бастаған кезде жасалады. Ол туралы музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Алмагүл Кенжина әңгімелейді. https://youtu.be/ZjNt5V-z4uA
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
< Предыдущая | Следующая > |
---|