• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Өміш асуынан жеткізілген бодықа

Өміш асуынан жеткізілген бодықа

Музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі зообақта бұланның бодықасы пайда болды. Ол біржарым айлық. Оны  Көкпекті ауданының Өміш асуынан жеткізген. 

ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Орман және аңшылық шаруашылығын жедел қадағалау отряды» КММ басшысының орынбасары Василий Ткаченконың айтуына қарағанда, бұланды біреулер көлігімен тас жол бойында басып кеткен де, оның бодықасы тірі қалған көрінеді. Оны ағымдағы жылдың 5 мамыры күні тауып алып, Самарға жеткізген. Сол жерде арнайы күтім жасалынған ол соңынан зообаққа әкелінді. Зообақта оны сүтпен қоректендіріп, қоршаулардың біріне орналастырды. Қазір ветеринар мұқият қарап шыққан оған қамқорлық жасалуда.

Осы тұста қазір өлке фаунасы бөлімінде бұландар жоқ екенін атап өткен жөн. Сондықтан Өміштен жеткізілген бодықа зообақта жаңа бір жануар тұқымының таралуына негіз болары сөзсіз.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …