• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Жер атты өз ғаламшарыңды қорғай біл. 2021

Жер атты өз ғаламшарыңды қорғай біл. 2021

1 мамыр Халықаралық балаларды қорғау күні музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі зообақта музей қызметкерлерінің 14 жасқа дейінгі балаларының суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрме «Жер атты өз ғаламшарыңды қорғай біл» деп аталды. Өңір фаунасы бөлімінің биологы Юлия Павленко Малина Витаминовнаның ролінде ойнай жүріп,  дәл осы кезде зообаққа келген барлық қатысушыларға қарындаштар топтамасын табыс етті.

Тура осы жерде Австралиядан әкелінген қонақ – бұйра тотықұспен, сондай-ақ, үй қояндарымен және егеуқұйрықтарпен кездесу болды. Малина Витаминовна жиналғандарға тотықұс пен басқа да жануарлар жайлы әңгімелеп берді. Сонымен қатар ол балалар арасында шағын викторина өткізді. Осы күні зообаққа келген барлық балаға өздерінің сүйікті жануарлары мен құстарының суретін салу ұсынылды. Одан кейін «Жануарлар балалар көзімен-2021» атты суреттер көрмесі болды. Пандемияға қарамастан, бұл күні зообаққа келушілер саны аз болған жоқ, үлкендер балаларын ерте келіпті. Олардың барлығы да сақтандыру шараларын берік ұстанып, арнайы бетперде киіп, бір-бірімен арақашықтықты сақтай білді.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …