• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Бейбітшілік пен келісім жолымен. 2021

Бейбітшілік пен келісім жолымен. 2021

2021 жылдың 23 шілдесінде музей-қорықтың Солжағалық кешенінде  «Бейбітшілік пен келісім жолымен» атты фильм түсірілді. Түсірілім тобымен бірге келген Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары,  танымал тележүргізуші Майя Бекбаева айтқандай, фильм Қазақстанның барлық өңірлерінде түсіріледі және ол республика аумағында өмір сүріп  жатқан  халықтар туралы баяндайтын болады. Біздің аймақтағы мұндай топтар татар және әзірбайжан диаспоралары болды. Облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының өкілдері Солжағалық кешеннің  Этноауылындағы татар қоныс-үйінде татарлардың балмайн элементтері бар үйлену тойының рәсімін көрсетті. Сонымен қатар әзірбайжан қоныс-үйі де түсірілді. Түсірілім тобы үлкен қазақ киіз үйінде Алтын адамды түсірді. Түсірілім этноауыл аумағындағы Абай үйінде де жүргізілді. Жамбыл атындағы саябақ пен ондағы ұлы ақынға орнатылған ескерткіш те түсірілімге арқау болды.

Шығыс Қазақстанда дүниеге келген жерлесіміз Майя Бекбаева өзінің  жоспарларымен де бөлісті. Фильм бес сериядан тұрады. Фильмге қатысты  жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Суретті түсірген Алексей Мазницын

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …