2021 жылдың 3 қарашасында музей-қорықтың Қасым Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы залдарында ШҚО кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларына қайырымдылық экскурсиясы өтті. Экскурсияны ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкері Гүлбақыт Болтабекова жүргізді.
Ол Бейімдеу орталығының балалары музей-қорықтың басқа келушілерінен ерекшеленетінін атап өтті. Олар әрдайым экскурсия жүргізушіге риза, экскурсияны аса мұқияттылықпен тыңдайды. Ең бастысы, олар әрдайым экскурсия өткізгендерге «рахмет» айтады. Бұл жолы да осылай болды. Әңгімелеу аяқталғаннан кейін экскурсия жүргізуші балаларды «Біз – Қазақстан халқымыз» атты тұрақты экспозицияның барлық залдарына апарды, олар барлығы жұмыла «Рахмет!» деді. Ал экскурсия жүргізуші балалардан экскурсия ұнады ма деп сұрағанда, барлық 21 бала жұмыла «Иә!» деді.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Фото Сергей Суровтыкі