• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында» көшпелі көрмесі. 2021

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында» көшпелі көрмесі. 2021

2021 жылдың 25 қарашасында музей-қорықтың халықтар және аз санды этникалық топтар этнографиясы бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласының № 49 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында» жылжымалы көрмесін өткізді. Көрмеге музейдің қорынан 100-ден астам жәдігер қойылған. Онда киіз үй интерьерінің фрагменті, қазақ, беларусь, украин және корей халықтарының ұлттық киімдері көрсетілді. Сондай-ақ, армян, әзірбайжан, неміс, үнді этностарының материалдық және рухани мәдениетін бейнелейтін экспонаттар көрсетілген. Дәрістік қызмет те ұйымдастырылды.

Көрмеге № 49 мектептің 130-ға жуық бастауыш сынып оқушылары қатысты. Халықтар және аз санды этникалық топтар этнографиясы бөлімі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына дайындық жұмыстарын жалғастыруда.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …