Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының бір топ қызметкері Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап өткізген "Тәуелсіздік жолы: қалыптасуы, дамуы және келешегі" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты. Конференция 2021 жылдың қыркүйегінде өткен болатын. Конференцияның қорытындысы бойынша оған қатысушылар Ұлттық музей директоры А. Мұхамедиұлының қолы қойылған сертификаттарға ие болды.
Тақырыптар бойынша төмендегі қызметкерлер сертификат алды:
- 2-ші секция. Музейлердің жаһандану жағдайында тарихи мұраны сақтау мен рухани мәдениетті дамытудағы тарихи бағытының рөлі
- Д. Әуесхан. Сержан Бәшіров – зергер, коллекционер.
- А.С. Мышко. Тәуелсіз Қазақстанда тарихи-мәдени мұраны сақтаудағы этнографиялық ауылдың рөлі.
- 3-ші секция. Қазіргі кезеңде Қазақстандағы музейтану ғылымын зерттеу мен дамытудың өзекті мәселелері
- Ж.Т. Рахатова Киіз басу – дәстүрлі қолөнер.
- 4-ші секция. Музейлердің гуманитарлық ғылымдағы ғылыми-ағарту орталық ретіндегі рөлі мен орны
- Ә.М. Қаршалова. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асырудағы музей-қорықтың рөлі.
- Б.М. Құмарова. Шығыс Қазақстандағы этнографиялық кешен: халықтар мәдениетін зерттеу орталығының тәжірибесі.
- Р.Ю. Нечаев. көпшілік-ағарту жұмыстарын жүргізу үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану.
< Предыдущая | Следующая > |
---|