• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Қолөнер шығармашылығының облыстық "Шығыс кәдесыйы" фестиваль-конкурсы. 2022

Қолөнер шығармашылығының облыстық "Шығыс кәдесыйы" фестиваль-конкурсы. 2022

2022 жылғы 22 маусымда Өскемен қаласының  Қ. Қайсенов атындағы саябағында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және Президент жариялаған Балалар жылына орай қолөнер шығармашылығының "Шығыс кәдесыйы" атты кезекті фестиваль-конкурсы болып өтті, онда қала әртістерінің қатысуымен концерт, "Шығыс кәдесыйы" республикалық конкурсы жеңімпаздары жұмыстарының көрмесі, кәдесыйлар мен бұйымдар жәрмеңкесі, қолөнершілердің шеберлік дәрістері, атап айтқанда, 12 түр бойынша: қазақ дәстүрлі қолөнері бойынша: тоқу, кестелеу, ши тоқу, қамшы өру, арқан ширату; стильдендірілген орыс тоқымасы, орыстың қоғадан жасалған дәстүрлі тоқымасы, саздан жасалған кәдесыйларды мүсіндеу, қыш құмыралар мен ыдыстарды дәстүрлі нақышта  мүсіндеу, ағашқа ою салу және бояу, киіз басу, құрақ құрау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 20-ға тарта шебер қатысты. Қатысушылардың негізгі бөлігі -  конкурсқа қатысуға өтінім берген 35 адам.

Төраға бастаған, бес адамнан тұратын қазылар алқасының мүшелері: Р.Ә. Төлемісова - мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, А.Ы. Боқпасарова – қолөнершілер ресурстық орталығының Семей қаласы бойынша үйлестірушісі, Р.А. Бобровская – Қ. Нұрғалиев атындағы колледждің оқытушысы. Б.К. Исин – кәсіби суретші, қолданбалы өнер шебері, И.А. Бжицкая – ШҚО өнер музейінің бас қор сақтаушысы. "Дәстүршілдік" аталымында: И. Самойлова (Алтай қ.), Н. Хабарова (Өскемен қ.) және А. Шатунова (Риддер қ.), "Инновациялылық" аталымында: О. Бекқали (Самар ауд.), З.П. Быкова, М.Н. Туров, "Кәсіпкерлікте": Г.Д. Қожамжарова, Ш.А. Камбышева, Ж.Қ. Айтмұхаметов; "Қолөнершілікті дамытуға қосқан үлесі үшінде" - К. Әбделдинова (Семей қ.), "Жас шеберде": Д. Көжебаев (Күршім ауд.), А. Кузьмина (Өскемен), "Жас қолөнершіде" Ә. Әсетұлы (Новобаженово кенті) жеңіске жетті.

Барлық жеңімпаздарға дипломдар, сыйлықтар және гүл шоқтары табысталды. Келушілер саны 200 ден аса адам.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …