2022 жылдың 10 қыркүйегінде неміс мәдени орталығы музей-қорық қызметкерлерімен бірлесіп, музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі этноауылда Шығыс Қазақстан немістерінің «Видергебурт» мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің 30 жылдығына арналған неміс мәдениетінің фестивалін ұйымдастырды. Фестивальді Ольга Штрауб жетекшілік ететін камералық оркестр ашты. Мәртебелі қонақ – ақын, өлкетанушы, коллекционер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Алдияр Ақылбекұлы Әубәкіров болды.
Еріктілерді, қоғам мүшелерін және неміс тілі мұғалімдерін біріктірген фестиваль «Видергебурт» неміс мәдени орталығы директорының орынбасары Александра Шиллингтің алғысхаттармен марапаттауымен жалғасты. Іс-шара «Maiglöckchen» және «Светлый путь» вокалдық топтарының, «Arabesk» және «Сириус» би ұжымдарының, Надежда Эрбес пен Анастасия Камалова сынды әншілердің өнер көрсетуіне ұласты. Іс-шара барысында құрметті қонақтардың - этномәдени бірлестіктер өкілдерінің және Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының басшысы Э.Т. Төлеубековтің құттықтау сөздері тыңдалды. Халықтар және аз санды этнотоптар этнографиясы бөлімінің қызметкерлері неміс қоныс-үйінде музей-қорық қорынан көшпелі көрме ұйымдастырып, фотокүрке орнатылды. Прәндіктерді бояу, ағаш үйлерді құрастыру, балалардың қолөнер бұйымдарын жасау бойынша тегін шеберлік дәрісі өткізілді. Фестиваль неміс асханасының жәрмеңкесімен және шығармашылық көрмесімен аяқталды, онда қолдан жасалған қуыршақтар, атақты қазақстандық немістер туралы кітаптар ұсынылды.
< Предыдущая | Следующая > |
---|