Терең дәстүрлі құндылықтардың қайнар көзі және ұлттың бірегейлігін құрудың жоғары шоғырландырушы әлеуеті мен тетігі бар аса маңызды бүкілхалықтық мерекелердің бірі – Наурыз мейрамы қарсаңында музей-қорық директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлжан Кашакуқызы облыстық «Алтай» телеарнасының және «Дидар» газетінің журналисттерімен кездесті. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы жайлы әңгімеледі. Осы орайда, музей-қорықтың Солжағалық кешенінде қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау мақсатында көпшілік іс-шаралар, дәрістер, тақырыптық және шолу экскурсияларын үнемі өткізілетінін баяндады. Жаз мерзімінде қазақ ауылында тұсаукесер, беташар дәстүрлері көрсетіліп, қымызмұрындық, ұлттық домбыра күні сынды халықтық мерекелер тойланатыны тілге тиек болды. Әңгіме арқауы атқарылған істер болса, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарымен де бөлісті. Сөз соңында, Солжағалық этнографиялық кешен қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеуге, достық пен келісімді нығайтуға, дәстүрлерді, салт-саналар мен әдет-ғұрыптарды жаңғыртуға өзіндік үлес қосып отырғанын баса айтты.