2025 жылдың 7 қаңтарында ШҚО музей-қорығы Достық үйі-қоғамдық келісім орталығымен бірлесіп Рождествоға арналған мерекелік концерт өткізді. Мерекеде Рождестволық өлеңдер мен әндер шырқалып, «Рождество» мен «Святки» дәстүрлері көрсетілді. Қонақтар би билеп, хоровод айналды. Достық үйінің фойесінде музей-қорық қорынан алынған «Рождество дәстүрлері» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды, онда иконалар, святки дәстүрлерінің фотосуреттері, святки бетперделері (маскалары), маскарад костюмдері, рождестволық ашықхаттар мен святки сәуегейлігіне арналған заттар ұсынылды.
Сондай-ақ, Андреев кафедралы шіркеуінің аумағы мен Достық үйінің жанында қолөнер шығармашылығының көрме-жәрмеңкелері өтті, онда ағаштан жасалған кәдесыйлар, теріден жасалған әшекейлер, матадан тігілген қуыршақтар мен жұмсақ ойыншықтар, табиғи шай өнімдері мен заманауи сәндік бұйымдар ұсынылды.