2025 жылдың 17 қаңтары күні ШҚО мәдениет басқармасының қолдауымен Солжағалық кешенде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін Ескі Жаңа жылға арналған мерекелік іс-шара өтті!
Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы, Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры, ШҚО білім басқармасы мен музей-қорықпен бірлесіп «Ақниет» орталығының тәрбиеленушілері мен Өскемен қаласындағы №8, №19, №37 мектептердің оқушылары үшін театрландырылған қойылымдар, қызықты ойындар және сазды әуендермен интерактивті бағдарлама дайындады.
Балалар мерекелік шарадан керемет әсер алып, соңында оларға сыйлықтар тарту етілді! Бұл шара ерекше қонақтарымыздың барлық қажеттіліктері мен жайлылығын ескере отырып ұйымдастырылды.