|
«Ұлы Жеңіс. Батырлар. Жады. Мұра». 2025
 Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында ШҚО музей-қорығында Қазақстанның Ұлы Отан соғысының батырларына арналған «Ұлы Жеңіс. Батырлар. Жады. Мұра» атты Орыс музейінің «Естелік» виртуалды турын пайдалана отырып, тарихи-көркем экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары ерлікпен шайқасып, Жеңіске үлес қосқан батырлар: Ә. Молдағұлова, Б. Момышұлы, Л. Беда, Т. Бегелдинов, М. Ғабдуллин, Т. Тоқтаров, Қ. Қайсенов және тағы да басқа батырлар туралы мағлұмат алды. Экскурсия соғыс жылдарындағы фотосуреттермен және кинохроникамен сүйемелденді. Сондай-ақ, музей-қорықтың қор топтамасынан алынған соғыс жылдарындағы жәдігерлер көрмесі ұсынылды.
Жеңістің 80 жылдығына орай ескерткіштерге гүл шоқтарын қою. 2025
 Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ШҚО музей-қорығының қызметкерлері «Жеңіс» мемориалдық кешені мен Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы С. Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тарихи орындар мен ескерткіштерге экскурсия өткізді. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерімізді еске алды. Экскурсия тарихи жадыны сақтауға, жастарды патриоттыққа тәрбиелеуге, сондай-ақ, батырлардың ерлік істерін қастерлеп, мақтан тұтуға арналған.
«Есірткіге жол жоқ». 2025
 ШҚО музей-қорықтың мамандары ШҚО полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, есірткіге қарсы бағыттағы және салауатты өмір салты айлығы аясында «Есірткіге жол жоқ» қалалық акциясын өткізді. Іс-шараға №47 орта мектеп кадет сыныбы мен қала тұрғындары қатысты. Балалар есірткінің өсіп келе жатқан ағзаға әсері, сондай-ақ, халық арасында есірткінің қазіргі заманғы таралуы туралы ақпаратты тыңдап, тақырыптық бейнеролик көрді және сұхбатқа қатысты. Содан кейін музей және полиция қызметкерлері мен оқушылар қалалық саябақтарды және Арбатты аралап тақырыптық буклеттер таратып, жастарды денсаулық үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды.
Франция Елшісі ШҚО музей-қорығына барды. 2025
 12-13 сәуір аралығында өткен «UbiFrance» кинофестивалі аясында Өскемен қаласына Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге мырза келді. Толығырақ...
Ғашықтар күніне арналған көрме-жәрмеңке. 2025
 12 сәуір күні ШҚО музей-қорығының Қ.Қайсенов атындағы этнобағында XIII-XIV ғасырлардағы қазақ эпосының кейіпкерлері «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Ұлттық ғашықтар күніне арналған Өскемен қаласының сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен көрме-жәрмеңке және мерекелік концерт өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, қызықты викторинаға қатысты, сондай-ақ, естелікке қолөнер кәдесыйларын сатып алды.
Наурыз мейрамы. 2025
 22 наурыз күні ШҚО музей-қорығы Наурыз мейрамы аясында жалпықалалық іс-шараға қатысты. Орталық алаңға тігілген үлкен киіз үйге музей-қорықтың этнографиялық көрмесі қойылды. Қала тұрғындарының назарына кілем тоқу, тұрмыстық заттар және қазақтың ұлттық киімдері ұсынылды. Сондай-ақ, қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіліп, барлық ниет білдірушілер ұлттық ойындарға қызығушылықпен қатысты. Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мереке түрлі қойылымдармен және тақырыптық концерттік бағдарламамен сүйемелденді.
«Шуақты Наурыз бояулары». 2025
Ұлттық киімдердің дефиле-көрмесі. 2025
 18 наурызда Республика алаңында орналасқан үлкен киіз үйде Наурызнама мерекесі аясында ұлттық киім күніне орай ұлттық киімдердің дефиле-көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде музей-қорық қызметкерлері заманауи киім үлгілерімен қатар, көне қазақ ұлттық киімдерін де көрсетті. Сондай-ақ, әйелдердің зергерлік бұйымдары: білезіктер мен қапсырмалар және музей-қорықтың қор топтамасынан қазақтың бойтұмар және шолпы сияқты әшекей бұйымдары да ұсынылды.
«Ұлыстың ұлы күні – ұлы той». 2025
 Наурызнама аясында ШҚО музей-қорығында №35 орта мектеп оқушыларына арналған «Ұлыстың ұлы күні – ұлы той» атты іс-шара өтті. Балалар Наурыз мейрамының салт-дәстүрлері, «12 жылдық күнтізбе» – «12 жыл-мүшел» «Жыл қайыру», яғни 12 жыл бір айналым туралы мағлұмат алып, «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісін тыңдады. Оқушыларға ұлттық ойындар, байқаулар мен викториналар өткізілді.
«Ғасырлық дәстүрлер» фестивалі. 2025
 2025 жылдың 6-7 наурызы күндері Өскемен қаласында креативті индустрияларды дамыту аясында Халықаралық әйелдер күніне және Жұмысшы мамандықтарының жылына арналған «Ғасырлық дәстүрлер» атты кілем тоқу және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының алғашқы республикалық фестивалі өтті.
Интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні. 2025
 15 ақпанда ұмытылмас күн – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні атап өтіледі. ШҚО музей-қорығында музейде еңбек ететін интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетілді. Оларға алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табыс етілді. Музей әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті құттықтау сөз сөйлеп, әріптестері мен іс-шара қонақтары әндер шырқады. Ардагерлер атынан М. Селиванов пен А. Құрымбаев сөз сөйлеп, сол бір қиын жылдар туралы естеліктерімен бөлісті. Олар өз борыштарын атқара отырып, болашақ ұрпаққа үлгі боларлық батылдық пен ерлік көрсетті.
«Блокада балалары» интерактивті шеберханасы. 2025
 ШҚО музей-қорығында Жеңістің 80 жылдығына және Ленинград блокадасының жойылу күніне орай Лев Гумилев атындағы № 38 гимназия оқушыларына арналған «Блокада балалары» интерактивті шеберханасы өтті. Іс-шара барысында оқушылар қазіргі заманғы мультимедиа құралдарының көмегімен Ленинград қоршауының жас тұрғындарының күнделікті өмірі туралы әңгімелерімен танысты, қоршаудағы қалада өмір сүрген балалардың әңгімелерін тыңдады, Қазақстан мен ТМД елдері музейлерінің коллекцияларынан деректі фотосуреттер мен көркем туындыларды, соның ішінде қоршаудағы Ленинградта жас суретшілердің жасаған суреттерін көрді.
|
|
|
|
Страница 1 из 52 |