«Шығыс кәдесыйы» атты қолөнершілер бұйымдарының аймақаралық конкурсы және көрме-жәрмеңке. 2015 жылғы 28 мамыр.
28 мамырда «Жастар» этнобағында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу аясында «Шығыс кәдесыйы» атты қолөнершілер бұйымдарының аймақаралық конкурсы мен көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды және өткізілді.
Іс-шараға 82 қолөнерші Қазақстанның әр аймақтарынан: Өскемен, Семей, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Зырян қалаларынан, Катонқарағай, Күршім, Шемонаиха, Ұлан, Абай, Аягөз аудандарынан, Ново-Баженов, Шульбинск кенттерінен, сондай-ақ, Барнауыл қаласынан және ҚХР шеберлер қатысты.