Мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің «Жібек жолы» саябағында Өскемен қаласы әкімдігі, «Құс жолы» Қайырымдылық қоры және «Казкоммерцбанк» АҚ Шығыс Қазақстан филиалы, сондай-ақ «Менің қалам үшін» әлеуметтік-хабардар жоба арасындағы әлеуметтік серіктестік туралы Меморандумды жүзеге асыру нәтижесі ретінде «Халықтар достығы – баға жетпес байлық» атты жаңа мүсіндік композиция ашылды.